Атырауда физико-математикалық мектеп ашылды

Алматы. 10 қыркүйек. ҚазТАГ – Атырауда қалалық алғашқы физико-математикалық мектеп ашылды, деп хабарлады «Ақ жайық» газеті.  
«9 қыркүйекте Атырауда қалалық тұғыш физико-математикалық лицей есігін ашты. Жаңа оқу мекемесі Жилгородоктағы бұрынғы ОӨК (оқу-өндірістік кешен) ғимаратында орналасты. Ғимарат екі қабатты және 1952 жылы салынған. Жазда демеушілердің күшімен жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ал келешекте ол ғимаратқа қосымша ғимарат  – облыс аудандарының оқушыларына арналған жатақхана салу жоспарлануда», - деп жазады басылым бейсенбі күні.
Лицейдің ашылу рәсімінде Атырау әкімі Нұрлыбек Ожаев келесі жылы ғимарат қайта жөндеуден өтеді деп сендірді.
Хабарда айтылғандай, қалалық мектеп-лицейлерден айырмашылығы бұл лицей дарынды балаларды 7-ші сыныптан бастап қабылдайды. Қазіргі кезде оның қабырғасында 182 лицейшілер оқуда, олардың көбі әр түрлі облыстық және республикалық жарыстардың жүлдегерлері және «Алтын белгіге» үміткерлер.  
«Қабылдау комиссиясы дарынды балаларды мұқият іріктеді. Лицейдің жоғарғы мәртебесін оның мұғалімдері де қолдап тұр. Мұндағы мұғалімдердің бос орындарына жарияланған байқауға бүкіл Қазақстан педагогтары қатысты. Қазір осы оқу мекемесінде Өскеменнен, Оралдан, Қарағандыдан келген жоғарғы санаттағы мұғалімдер мен, әрине, жергілікті педагогтер сабақ береді», - делінген мақалада.
Бұл ретте лицейшілерді оқыту жүйесі ЖОО оқу жүйесіне ұқсайды: тоқсанның орнына оқушыларда семестр болып, семестер соңында олар арнайы пәндер бойынша сынақ және емтихандар тапсырады. Емтихан нәтижелері сынақ кітапшалырана  жазылады. Демалыстар жылына екі рет, 31 желтоқсаннан 1 ақпанға дейін және жазда, 25 мамырдан кейін болады.
Лицейде оқыту аралас – қазақша және орыс тілдерінде болады. Сабақ екі аусыммен өтеді, негізгі сабақтардан соң арнайы курстар басталады.
«Біз оқушыларды ғылыми-тәжірибелік конференцияларға, пән олимпиадаларына және басқа да жарыстарға белсенді қатысуға ынталандыратын боламыз. Біздің лицей Байқоңырдағы «В.Н. Челомей атындағы халықаралық ғарыш мектебімен», Алматыдағы ғарыштық табиғаттану мектеп-лицейімен, Атырау мұнай және газ институты (АМГИ), Х. Досмұхамедов ат. АМУ-мен ынтымақтаспақшы», - деп мәлім етті лицей директоры Болатбек Ермеков.
Сондай-ақ лицейде өзіндік асхана мен спортзалы бар. Бірақ лицейшілер спортпен «Мұнайшы» стадионында айналысып, ал барлық салтанат шаралары «Құрманғазы» ат. мәдениет сарайында өтеді деп жоспарлануда. Лицей оқушылары АМГИ зертханаларын пайдалана алатын болады, ЖОО профессорлары мен ғылым докторлары лицейде арнайы курстар оқитын болады.
«Біздің институт лицейге қолдан келгенше көмек көрсететін болады, себебі бізде жоғарғы математика, жалпы физика кафедрасы, жалпытехникалық пәндер, электроэнергетика кафедралары бар», - деді өз кезегінде Атырау мұнай және газ институтының ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Дина Диарова.

adimage