Атырау. 24 мамыр. ҚазТАГ - Атырауда газдан уланған студенттер саны артты, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Кеше кешкісін Атырау облыстық №2 ауруханасына колледждің тағы 9 оқушысы түсті. Тексеріп, көмек көрсетілгеннен кейін олардың кейбірі үйлеріне жіберілді. Барынша толық ақпарат алдағы уақытта беріледі», - деп хабарлады жұма күні Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасынан.
Еске салсақ, 23 мамырда Атырау колледжінде 20 студент белгісіз газдан уланған.
Кейінірек Атырау облысы полиция департаментінен хабарлағандай, Атырау сервис колледжі студенттерінің жаппай улану дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Полиция ақпарынша, осы колледждің 17 жасар студенті ғимарат ішінде бұрышты газ баллонын шашқан. Оған қатысты ҚР ҚК 293 бабы 1 бөлімі бойынша (бұзақылық) қылмыстық іс қозғалған.
Қатысты сілтемелер
-
Қазақстан Ұлттық банкі World Painting коллекциялық монеталарын айналымға шығарады29 Наурыз 2024, 13:53
-
Алматыда бизнес орталықта өрт шықты29 Наурыз 2024, 12:14
-
Көкшетауда Қылшақты өзені арнасынан шығып, 100 ден аса адам эвакуацияланды29 Наурыз 2024, 12:02