Атырауда газдан уланған тоғыз студенттің барлығы ауруханадан шығарылды

Атырау. 24 мамыр. ҚазТАГ - Атырауда газдан уланған тоғыз студенттің барлығы ауруханадан шығарылды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Кеше біздің ауруханаға жалпы 9 адам түсті, барлығы да колледж студенттері. Жасөспірімдерді кеше әр түрлі уақытта жедел-жәрдем көлігімен әкелді. Олардың жүректері айнып, тамақтары қышыған, әлсіздік байқалған, алтауында конъюнктивит анықталды. Барлығы жан сақтау бөлімі арқылы өтті, қажетті ем тағайындалды, сосын жалпы терапия бөліміне көшірілді. Ертеңгісін қарап шықты - жағдайлары қанағаттанарлық. Бүгін барлық студент үйлеріне шығарылды», - деп мәлімдеді №2 облыстық аурухана директоры Мағжан Сейтжанов жұма күні.
Бұған дейін Атырауда газдан уланған студенттер саны артты деп хабарлаған еді. Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының ақпарынша, «кеше кешкісін Атырау облыстық №2 ауруханасына колледждің тағы 9 оқушысы түсті. Тексеріп, көмек көрсетілгеннен кейін олардың кейбірі үйлеріне жіберілді».
Еске салсақ, 23 мамырда Атырау колледжінде 20 студент белгісіз газдан уланған.
Кейінірек Атырау облысы полиция департаментінен хабарлағандай, Атырау сервис колледжі студенттерінің жаппай улану дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Полиция ақпарынша, осы колледждің 17 жасар студенті ғимарат ішінде бұрышты газ баллонын шашқан. Оған қатысты ҚР ҚК 293 бабы 1 бөлімі бойынша (бұзақылық) қылмыстық іс қозғалған.

adimage