Атырау. 29 наурыз. ҚазТАГ – Атырауда интернат-үйінің тәрбиешілері мүгедек балаларды ұрып отырған деген күдік келтірілуде, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Облыс прокуратурасында Атырау қаласының тілінің мүкісі бар балаларға арналған Мектеп-интернатының қызметін тексеру нәтижесі талқыланды. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 98 бала тұрып жатырған интернатта прокурорлар мүгедек балаларға қатаң қарау және оларға қатысты күш қолдану деректерін анықтаған. Интернат тәрбиешілері ұзақ уақыт бойы балаларды ұрып, оларды жұмысқа салған», - деп хабарлады жұма күні Атырау облысы прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Қадағалаушы органда түсіндіргендей, физикалық мүмкіндіктерінің шектеулігіне байланысты балалар бұл туралы ешкімге айта алмаған.
«Оларды тіпті бейнебақылау камералары да тоқтата алмаған. Өкінішке орай, тек 2018 жылдың желтоқсанынан ағымдағы жылдың қаңтарына дейінгі жазба ғана қалпына келтірілді, алайда сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуге осының өзі де жеткілікті болды», - деп атап өтті облыс прокуроры Ернат Сыбанқұлов.
Тексеру амалдарын полиция органдары ҚР ҚК 140 бабы 2 бөлімі (кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу бойынша міндетін орындамау) бойынша жүргізуде.
«Балаларға қатаң қараған мекеме қызметкерлері қызметтерінен шеттетілген. Іс облыс прокурорының бақылауында», - деп атап өтті қадағалаушы органнан.
Қатысты сілтемелер
-
Илон Маск Қазақстанға мемлекеттік бюджетті оңтайландыруға көмек ұсынды
6 Ақпан 2025, 18:10 -
Абай облысында облыстық автожолдарды күтіп ұстауға Т8,5 млрд жұмсамақ
6 Ақпан 2025, 16:25