Атырауда күрестен келешек чемпиондарды тәрбиелеуде

Атырау. 21 қазан. ҚазТАГ – Атырауда грек-рим күресінен келешек чемпиондарды дайындау жұмыстары жүргізілуде, деп мәлім етті қалалық №1-ші олимпиадалық резерв БЖСМ (ОР БЖСМ) аға бапкері, бірінші санаттағы бапкер Болат Әбуталиев.
Грек-рим күресі секциясының тәрбиеленушілерінің жетістіктері туралы бапкер «Ақжайық» газетіне айтып берді.
    
– Сіздің түлектерініңіз қандай жетістіктерге жетті?
    
– Биылғы жыл басында ОР БЖСМ – 1 Оралға барып, 2002-2004 жылдарғы жастар арасындағы Нұрмахан Жаназовтың естелігінің турниріне қатысты. Онда қола жүлдегер Абылай Қапен атанды.  
    Алматыда кадеттер арасындағы әлем чемпионы және Азия ойындарының чемпионы, ҚР бейресми чемпионы Бақтияр Байсейітов жүлдесінің турнирінде Темірлан Еспенбет өзін тамаша көрсетті. Темірлан күреспен үш жылдан бері айналысып келеді, оның алғашқы бапкері – Рашид Мусин. Былтырғы желтоқсанда ол ҚР чемпионатының жүлдегері атанды. Алматыдағы турнирде ол Шымкент өкілінен жеңіліп, «күміс» жеңіп алды. Ол төрешілердің де қателігінен жеңіліп қалды деп есептеймін. Белдесу барысында ол 4:0 есебімен жеңді, бірақ төрешілер оған бірнеше дүркін ескертулер беріп, белдесу соңында есеп 4:5 болып қарсыластың жеңісімен аяқталды.
Мен бір жылдан бері Мирас Рахметуллаевты тәрбиелеп келемін, ол да Мусиннің түлегі. Алматыда олимпиада чемпионы Шәміл Серіковтың естелігіне арналған жастар арасындағы туринирде Мирас күміс жүлдегер атанып, еліміздің жастар құрамасына алынды. Одан соң ол Қазақстан, Ресей және Беларусь құрамаларының арасындағы турнирге қатысып, қола жүлдегер атанды. Және Венада өткен турнирде тағы бір «қола» жеңіп алды.
Биыл Мирас Шымкенттегі турнирде олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтың жүлдесіне күресті. Осы турнирден соң ол Азия чемпионатына баруы керек еді. Өкінішке қарай, үшінші айналымда ол ауыр жарақат алды. Азия чемпионаты туралы ұмытуға тура келді. Қазір ол жазылды. Қараша айында облыстық құраманың бапкерлер штабы  оны Серіковтың естелігінің турниріне шығармақшы. Сондай-ақ ол Мырзабеков естелігінің турнирінде (25-27 қазанда АМУ «Жайық» ДСК) және Ақтөбедегі Батырғалин естелігінің турнирінде күресуі керек.

– Бапкерлердің қайсысы сіздің ОР БЖСМ – 1 жұмысыңызға көмектеседі?
    
– Мұнда мен, Нұрболат Дүйсембаев, Әнуар Әбдрахманов және Исраил Ғизатов жаттықтырамыз. Жаттығулар Жұмыскер кентіндегі мектеб спортзалында, орталық «Мұнайшы» жүзу бассейнінде өтеді. Олардың басшылары бізге көмекке қол ұшын берді.
Жұмыскердегі мектепте 60-тан астам балалар жаттығады. Жаттығулар таңертең, түстен кейін және кешке өтеді. Егер спорттың осы түрі жастар арасында ұнаса біз – бапкерлер, соны пайдалануымыз керек. Федерация келешекте бірнеше чемпион баптауды жоспарлауда. Алғашқы қарылғаш – Абылай Қапен мен басқа да үміт арттырарлық жігіттер бар.
Қазір Дәулет Қалиевті Астанаға республикалық спорт мектеп-интернатына оқуға шақырып жатыр. Алда облыс чемпионаты болады, ол жерде Ақмола облысы Жақсы қаласында қазан айының аяғында өтетін жасөспірімдер арасындағы ҚР чемпионатына іріктеу жүргізіледі.  
Тәрбиеленушілеріміздің  үздіктерімен ҚР чемпионатына тыңғылықты дайындалып  жатырмыз. Олар Айдын Елемесов, Ерасыл Багдатов, Абылай Капен, Даулет Қалиев және Бекзат Жәрдемов. Дегенмен егер басқа да балалар арасынан жеңіске ұмтылып, облыс чемпионатында жеңіп жатса, мен қуаныштымын.
  Сол кездегі грек-рим күресі федерациясының басшылары Махашев Нұрпейіс Махашұлы мен  Тасмағамбетов Құрманғали Нұрғалиұлына алғысымды білдіргім келеді. Бізде қаржыландыруға қатысты проблема туындаған жоқ, жыл сайын үздік деген 20 бала Алуштедегі халықаралық жазғы  ОЖЖ-ға (оқу-жаттығу жиындары)  қатысатын, бірнеше рет Мәскеу мен Ростов-на-Донудағы турнирлерге қатысты.  Ай сайын  әлем чемпиондарының, спорт ардагерлері Қарамулин Қазбек пен Таинкин Анатолийдің шақыртуымен Атырауда жоғары деңгейде ОЖЖ турнирлері өткізіліп тұрды.  Соның арқасында Атырауда бірқатар спорт шеберлері дайындалды:  Қарақұлов Берік, Мырзабек Атбаев, Тен Валентин, Настаченко Илья, Поливадов Женя және т.б. олардың кейбірі жаттықтырушы болып жұмыс жасап жатыр.  

Болат, сіздің отбасыңыз да спортқа өте жақын, сол жайлы әңгімелеп берсеңіз.  

   Спортқа деген, салауатты өмір салтына деген сүйспеншілікті әкеміз Қадыржан  Тулеушұлы Әбуталиев бойымызға сіңірді. Ол жас кезінде еркін күрестен Қазақ КСР чемпионатының жүлдегері болған.  Күрес секциясына мені алғаш алып келген де сол кісі. Анамыз Оңайша - шахматты жақсы көреді, облыстың бірнеше мәрте чемпионы. Үлкен ағам Мұрат армрестлингтен екі дүркін чемпион. Биыл ол Ыстамбулда Азия чемпионатының қола жүлдегері болды. Кіші інім Талғат та армрестлингпен айналысады, ел чемпионатының жүлдегері. Үйде ешкім ешқашан бос отырған емес. Балалар турникте асылып тұрса, үлкендер зілтемір көтеріп жатады.  
  Мен Қазақ ұлттық техникалық  университетін аяқтадым, мұнайшы болғым кеген.  Сосын қайта ойланып, өзімді балалармен жұмысқа арнадым.  

adimage