Атырауда келешек мұнайшылар «Полигон» тәжірибелік білім бағдарламасына қатысады

Атырау. 25 тамыз. ҚазТАГ – Атыраудағы мұнай және газ институтының студенттерін полигонға жібереді, деп хабарлады бағдарлама жетекшісі Атырау мұнай және газ институтының доценті Жомарт Жантөрин.
«2015-2016 оқу жылдарынан бастап тұңғыш рет Атырау мұнай және газ институтында  «Полигон» тәжірибелік білім бағдарламасы іске асырылып жатыр. Бүгін 3 курстың 9 студенті «Прорва» кенішіне жіберілді, ертең тағы 10 студент «Қайнар» кенішіне жіберіледі», - деді ол.  
Оның айтуынша, осы бағдарламаны іске асыру аясында Атырау мұнай және газ институты мен «Ембімұнайгаз» АҚ арасында бірлескен келісімге қол жеткізілді. Ол бойынша биылғы оқу жылынан бастап «Мұнайгаз істері» мамандығы, «Мұнай және газ кеніштерін игеру» мамандықтары бойынша оқитын АМГИ студенттеріне тәжірибе түрінде дуальдық оқыту жүйесі енгізіледі.
«Аталған дуальдық жүйемен біздің институттың барлығы, 40 студенті оқиды.  
Оқу үдерісіне дуальдық жүйені енгізу стуенттердің білім сапасын көтереді, және олардың практикалық біліктілігін арттырады. Сондай-ақ ол білім, ғылым мен практиканы интеграциялауды қамтамасыз етіп, студенттердің Атырау мұнай және газ институтында оқумен қатар мұнай газ саласының кәсіпорындарында қатарлата білім алу жолымен бәсекеге қабілеттілігін арттырады, «Мұнайгаз ісі» мамандықтағы студенттердің «Мұнай мен газ өндірісінің операторы», «ЖҚҚ бойынша оператор» (жер қыртысы қысымын ұстап тұру бойынша - ҚазТАГ), «ҰЖАЖ бойынша оператор» (ұңғыларды жер асты жөндеу), «ҰЗ бойынша оператор» (Ұңғыларды зерттеу) және т.б. жұмыс мамандықтарын алады. Теория мен практика арасындағы айырмашылықты жою арқылы білім сапасы да артады деп күтудеміз», - деді Жомарт Жантөрин.    
Жоспар бойынша, студенттер 18 күн бойына вахталық әдіспен «Ембімұнайгаз» АҚ кеніштерінде жұмыс жасайды. Жұмыстан бос уақыттары студенттер ЖОО-да оқиды.
«Әр студентпен, ЖОО және «Ембімұнайгаз» АҚ арасында үшжақты келісімшарт жасалады, әр студентке еңбек кітапшасы толтырылып, ҚР еңбек заңына сай жалақы төленеді. Ондай мүмкіндік студентке өндірісте ісеген деген еңбек өтілін қамтамасыз етеді. Биылғы оқу жылы студенттерді «Ұңғыларды зерттеу жөніндегі оператор» мамандығы бойынша оқыту жоспарлануда. Студенттерді оқыту екі «Қайнармұнайгаз» және «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ-де,  «Шығыс Молдабек», «Б. Жоламанова» және «Прорвинское» кеніштерінде өтеді», - деді Ж. Жантөрин.

adimage