Атырауда әкесі балаларын екі жыл мектепке апармаған

Күні: 10:32, 06-02-2019.

Алматы. 6 ақпан. ҚазТАГ – Атырау облысында кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында төрт баланың әкесіне қатысты әкімшілік іс қаралды, деп жазады «Мой город».
Сот анықтағандай, кәмелетке толмаған 2005, 2007, 2008, 2009 жылғы балалар 2017-2018 оқу жылдары мектепке бармаған. Бұл балалардың әкесі әкімшілік жауапқа тартылды.
«Сот отырысында балалардың 35 жасар әкесі өз кінәсін мойындамай, мұғалімдер балаларға мектеп формасын сақтамауларына байланысты мектепке келуге тыйым салды деді. Сондықтан олар қашықтықтан оқыған», - деді Атырау облысы кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметінен.
Сот қаулысымен құқықбұзушы Қазақстан Республикасы ӘҚбК 127 б. 1б.  «Ата –аналарының кәмелетке толмаған балаларды оқыту және тәрбиелеу міндеттерін орындамауы» бойынша кінәлі деп танылды. Оған 11785 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.


Жаңалықтармен бөлісу: