Атырауда ХҚКО бөлімшелерінің бірінде ер адам газ баллонын бүркіп кеткен

Атырау. 16 мамыр. ҚазТАГ - Атырауда халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО) бөлімшелерінің бірінде ер адам газ баллонын бүркіп кеткен, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Оқиға 14 мамырда Атыраудағы ХҚКО бөлімшелерінің бірінде орын алған. Кезекте жанжал туындаған. Ер адам газ баллонын ХҚКО ғимаратының ішінде бүркіп жіберген. Сосын қашып кеткен», - деп хабарлады куәгерлер Атырау облысы әкімдігінің Telegram-чатында.
Өз кезегінде Атырау облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» МК» ҰАҚ аталмыш деректі растады.
«Мұндай жағдай орын алды. Біз полиция шақырдық. Газ баллонын қолданған ер адам қашып кетті», - деді ведомстводан.

adimage