Атырауда нанның көтерме бағасы көтеріледі

Күні: 17:22, 01-02-2019.

Атырау. 1 ақпан. ҚазТАГ – Атырауда нанның көтерме бағасы көтеріледі, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Нанның бөлшек саудадағы бағасы бұрынғыша қалады және 65 теңгені құрайды. Тек дастарханымыздағы басты тағамымыздың көтерме бағасы ғана қымбаттайды. Біз барлық ірі сауда орталықтарының басшыларымен кездестік және дүкендердегі нан бағасы 65 теңгеден қымбат болмауы керек деген келісімге қол жеткіздік», - деп мәлімдеді Атырау кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Руслан Дәулетов жұма күні.
Оның айтуынша, егер бүгінгі күнге дейін нанның көтерме саудадағы бағасы Т55 болған болса, қымбаттағаннан кейін оның бағасы Т60 болады.
«Барлық тұтынудың төрттен бірін «Даулет Нан» өндірістік кешені жауып отыр, онда тәулігіне 8 мың бөлке нан пісіріледі. Ол жерде баға бұрынғысынша қалады», - деп мәлімдеді Р. Дәулетов.
Атырау облысында бидай бағасының қымбаттауынан бірінші сұрыпты ұн Т115/кг дейін өсті. Атырауда «әлеуметтік нанды» пісірумен 14 наубайхана айналысады. Бұл ретте Атырау халқының саны 338 139 адамды құрайды, бір айдағы нанды тұтыну нормасы – 788 991 кг.
Көрші Орал мен Ақтөбеде бір нан Т75 тұрады.


Жаңалықтармен бөлісу: