Атырауда ОЕМ-тауарларын шектеу жөніндегі біріккен форум өтті

Атырау. 24 қыркүйек. ҚазТАГ – Атырауда ОЕМ-тауарларын (original equipment manufacturer – құрал-жабдықтардың бірегей өндірушісі) шектеу жөніндегі біріккен форум өтті, деп хабарлады (Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» (ҚПО) баспасөз қызметінен.
«Қазақстандағы ірі мұнай-газ жобаларының операторлары: «Теңізшевройл» ЖШС (ТШО), «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» (NCOC) және «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б. В.» (ҚПО) ҚР энергетика министрлігі мен Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен ОЕМ-тауарларын шектеу жөнінде біріккен форум өткізді. Форумға елдің әр өңіріндегі 30-дан астам ОЕМ мен 57 копания қатысып, бизнесті шектеу мүмкіндіктері туралы ақпаратпен алмасты», - делінген сейсенбідегі хабарда.
Форумның негізгі мақсаты – мұнай-газ жобалары аясындағы жоғары және тұрақты сұранысқа байланысты ОЕМ-тауарларын шектеу арқылы құрал-жабдықтардың қазақстандық өндірушілер нарығының өсімін және дамуын ынталандыру. Форум ҚР аумағында аталмыш секторды дамытуға арналған құрал-жабдықтар мен ОЕМ-тауарларын шектеудің жаңа мүмкіндіктерін іздестіру және ірі мұнай-газ жобалары операторларының қажеттіліктері туралы ақпарат алмасу үшін отандық және халықаралық өндірушілерді бір алаңда тоғыстырды.
Форумда қысқамерзімді және ортамерзімді болашақтағы құрал-жабдық өндірушілердің сұраныстарымен таныстыру мақсатында операторлардың ОЕМ-тауарларын шектеу жөніндегі стратегиялары таныстырылды. Форум қорытындысы бойынша оған қатысушылар ҚР аумағында өндіріс ошақтарын құру бойынша өз ұсыныстары мен идеяларын ұсынды.
Шараның ұйымдастырушылары аталмыш форум халықаралық стандартқа сәйкес тауар өндірісін шектеу және жаңа өндірісті игерудің әлеуетті саласын анықтауда отандық кәсіпорындарға қосымша қарқын беретініне сенімді. Бұл ағымдағы және болашақтағы барлық мұнай-газ жобаларында жергілікті өнім үлесінің көбеюіне мүмкіндік береді.
Форумда сонымен қатар бірқатар құжаттарға қол қойылды: ҚР энергетика минситрілігі мен «PSA» және КПО ЖШС өкілетті органдары арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум, ҚР энергетика минситрілігі мен «PSA» ЖШС және NCOC өкілетті органдары арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум, ҚР энергетика министрлігі мен ТШО арасындағы меморандум. Сонымен қатар өндірушілер мен операторалар арасында бірнеше негіздемелік келісімдер мен келісімшарттарға қол қойылды.
Өз кезегінде форум делегаттары шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын және аса тиімділігін атап өтті.

adimage