Атырауда пәтер ұрлығын жасаған күдіктілер ұсталды

Күні: 15:59, 30-04-2019.

Алматы. 30 сәуір. ҚазТАГ - Атырауда пәтер ұрлығын жасаған күдіктілер ұсталды, деп хабарлады Атырау облысы полиция департаментінің (ПД) баспасөз қызметінен.
«Атырау полициясы Көкарна, Көктем, Балауса, Жұлдыз, Ақсай, Геолог, Тасқала ықшамаудандарында ағымдағы жылдың ақпан-наурызында жасалған бірқатар пәтер ұрлығын ашты. Атыраудың екі тұрғыны ұсталды, олардан ұрлықтың 18 дерегі бойынша заттай айғақтар тәркіленді. Шығынның жалпы сомасы 5 млн 522 мың теңгені құрайды», - делінген сейсенбіде таратылған хабарда.
Департаментте атап өткендей, негізінен пластик терезелер арқылы түсу жолымен жасалған ұрлықтың бірінде ұрылар 2 қаруы бар сейфті алып шыққан.
«Аталмыш дерек бойынша ҚР ҚК 291 б.3 бөлімімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұрлық дерегі бойынша ҚР ҚК 188 б.2б. бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. ҚР ҚПК 201 бабына сәйкес басқа ақпарат жария етуге жатпайды», - делінген ақпарда.


Жаңалықтармен бөлісу: