Атырауда перзентханадағы шудан кейін жұмыстан шықпақ болған дәрігерлер арыздарын қайтып алды

Астана. 4 қараша. ҚазТАГ – Азиза Жамалиева. Атырауда облыстық перинаталдық орталықтағы шудан кейін жұмыстан шықпақ болған дәрігерлер арыздарын қайтып алды, деп мәлімдеді Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев.
«Бүгінгі таңда жұмыстан шықпақ болған төрт дәрігер арыздарын қайтып алды. Және 28 дәрігер - олармен әңгімелесулдер жүргізілуде, олардың кәсіби дәрігер ретінде медицинаны қолдаулары, өз жұмыстарын ары қарай жалғастырулары керектігі түсіндірілуде. Бүгінгі таңда ешкім жұмысынан қуылған жоқ» - деді Ноғаев дүйсенбі күні президент жанындағы орталық коммуникация қызметінің алаңындағы баспасөз мәслихатында.
Бұған дейін хабарланғандай, Атырау облыстық перинаталдық орталық дәрігерлері жаңа туылған шақалақты өлтірді деген күдікке ілінген еді. 4 қазанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінен хабарлағандай, жаңа туылған сәби дәрігерлердің немқұрайлығынан өлі туылды деп рәсімделген, бірақ ол тірі болған. Бала жыбырлаған кезде, сыбайлас жемқорлық қызметкерлерінің айтуынша, оны аман алып қалу шараларын шұғыл түрде қолданудың орнына дәрігерлер толтырылған құжатқа сәйкес әрекет етуді дұрыс санап, нәрестені тоңазытқышта қалдырған.
Бір күн бұрын – 3 қазанда белгілі болғандай, «Атырау облыстық перинаталдық орталығы» ШЖҚ РМК басшысына қатысты Атырау облысы сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметі бірқатар сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаған деген күдікпен сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастаған. Сот санкциясымен күдікті қамауға алынды.
Белгілі болғандай, екі ай ішінде Атырау перзентханасында 40-тан астам шақалақ шетінеп кеткен.
Еске салсақ, 6 тамызда ҚазТАГ ХАА Атырау облысы прокуратурасына сілтеме жасай отырып, 2019 жылдың басынан бастап Атырау облыстық перинаталдық орталығында туа сала шетінеп кеткен 56 бала тіркелген. 9 қаңтарда агенттік 2018 жылы сол перзентханада 100-ден астам шақалақ шетінегенін айтқан еді.
7 қазанда жағдайға түсінік берген Біртанов бір жылда 2,5 мыңдай сәби өлімі тіркелгенін мәлімдеді. Бүгінгі таңда 2200 жағдай. Өлім жағдайының көптігі Көкшетау, Қызылорда және Алматы облыстарында тіркелген. Бұл облыстардағы көрсеткіш Атыраудан екі есе жоғары», - деді дүйсенбіде үкімет кулуарында журналистердің сұрағына жауап берген Біртанов.
Сондай-ақ, белгілі болғандай, екі ай ішінде Атырау перзентханасында 40-тан аса нәрестенің шетінеп кету жағдайы тіркелген.


adimage