Атырауда тұрмысы төмен отбасыларының оқушыларын ыстық тамақпен қамтамасыз етуге Т52 млн бөлінді

Атырау. 18 тамыз. ҚазТАГ – Атыраудағы тұрмысы төмен отбасыларының оқушыларын ыстық тамақпен қамтамасыз етуге Т52 млн бөлінді, деп хабарлады қалалық білім басқармасының жетекшісі Нұрсәуле Сайлауова.
«Биылғы оқу жылында қала бюджетінен тұрмысы төмен отбасыларының оқушыларын ыстық тамақпен қамтамасыз етуге Т52 млн бөлінді», - деді Н.Сайлауова педагогикалық кеңесте.
Оның айтуынша, балалардың осы санаты үшін жазғы лагерлерде демалуға Т2 млн бөлінген.
«Одан басқа, киім сатып алуға – 5 млн теңге бөлінді. Қамқорлықтағы және қорғауда отырған кәмелетке толмаған 187 бала үшін 3,7 млн теңге бөлінген. Мүмкіндігі шектеулі 163 бала, оның ішінде үйлерінде оқитын 65 мүгедек бала компьютерлермен және мектепке қажет жабдықтармен жабдықталған», - деді Н.Сайлауова.
Бүгінге Атырауда 56 мемлекеттік жалпыбілім беретін және 3 жеке меншік мектеп бар. Оларда барлығы 51 мың оқушы оқиды.

adimage