Атыраудағы Ұлттық бюроның полицейлермен жанжалы: бес полицей қызметінен босатылған

Астана. 20 мамыр. ҚазТАГ – Атырау және Атырау облысында бес полицей қызметінен босатылды, деп хабарлады ҚР ІІМ баспасөз қызметінен.
«ІІМ оқиға орнында болып БАҚ-та жарияланған Атырау облысы патрульдік полиция батальонының қызметкерлерімен байланысты сыни бейнематериалға қатысты қызметтік тексеру жүргізді. Тексеру нәтижесі бойынша «Жол қозғалысы» туралы Заңды және ведомстволық бұйрықты, көлік құралдарын себепсіз тоқтатуды бұзғаны үшін батальонның үш қызметкері қызметінен босатылды», - деп хабарлады ҚР ІІМ ресми өкілі Нұрділда Ораз дүйсенбіде.
Сондай-ақ, оның айтуынша, жеке құрамды бақылау жоқтығынан аталмыш бөлімше командирі мен Атыраудың жергілікті полиция қызметінің бастығы қызметтерінен босатылды.
«Атырау полиция басқармасының, облыстың ЖПҚ басшылығы мен облыстағы полиция департаменті бастығының жетекшілік етуші орынбасары қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды», - деді ҚР ІІМ ресми өкілі.
Еске салсақ, ағымдағы жылдың 17 ақпанында Атырау жергілікті полиция қызметі Атырау-Дамба тас жолында көлік құралы тоқтатылған, оның жолаушылары Атырау облысы бойынша Ұлттық бюро департаментінің қызметкерлері болып шыққан. Полиция қызметкерлерінің айтуынша, олар көлікті заңсыз балық аулау дерегін анықтау аясында тоқтатқандарын айтады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының ақпарынша, олар ЖЖЕ бұзбастан, рұқсат етілген жылдамдықпен жүріп келе жатқан, жүргізуші мен жолаушыларда оларды тоқтату себебі туралы негізді сұрақ туындаған, сондықтан біздің ведомство қызметкерінің егер олар полиция қызметкерлерін заңды негізсіз пара алған деп ұстай бастаса дұрыс бола ма деген сұрақ қойған. Нәтижесінде полицейлер мен Ұлттық бюро қызметкерлері арасында жанжал туындаған.
15 мамырда хабарланғандай, Атырау облысы бойынша департамент басшысының орынбсары Уаисов қызметінен босатылған, басқарма басшысы Губайдуллин қызметіне толық сәйкес келмейтіні туралы ескерту алған, ал олардың басшылары Сапаровқа бақылауды қамтамасыз етпегені үшін қатаң сөгіс жарияланған. Сонымен қатар ІІМ өзіндік қауіпсізідк комитеті өз қызметкерлерінің әрекетінің заңдылығына тексеру жүргізуде.

adimage