Атыраудағы орталық көпір жылу желілерінің құрылымы мен тірегінің бұзылуынан жабылды

Атырау. 10 қаңтар. ҚазТАГ - Атыраудағы орталық көпір жылу желілерінің құрылымы мен тірегінің бұзылуынан жабылды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Жылу желілерін айналып өту барысында диаметрі 426 мм болатын жылу желісінің қаладағы орталық көпір астындағы жылжыма тіректерінің қозғалғаны байқалды. Соңғы екі күн бойы жылу желісіндегі құрылым мен тіректеріндегі бұзылуы салдарынан қозғалыс 70 мм астам болған және бұл процесс жалғасуда. Болуы мүмкін желі жарылысының алдын алу бойынша жұмыстар жүргізу үшін көпір арқылы жүретін көлік қозғалысын 2020 жылдың 10 қаңтары сағат 00.00 бастап тоқтатуды сұраймыз. Төтенше жағдайдың орын алуының алдын алу мақсатында бұзылу себептерін анықтау үшін жедел түрде комиссия құруды өтінеміз», - деді «Атырау жылу желілері» АҚ президенті Нұрадин Шамшатов Атырау облысы әкімдігіндегі телефонограммасында.
Әкімдік жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін көпірді жабу туралы шешім қабылдады. Қазіргі таңда жұмыстар әлі жалғасуда.

adimage