Атыраудағы студенттік пікірсайысқа Қазақстанның 6 қаласынан командалар қатысты

Атырау. 30 қазан. ҚазТАГ – Атырауда республикалық студенттік пікірсайыс болып өтті, деп хабарлады ҚазТАГ тілшісі.  
«Атырауда біздің басқарманың септігімен (жастар саясаты жөніндегі – ҚазТАГ) студенттер арасында республикалық пікірсайыс болып өтті. Оған Қазақстанның алты қаласынан – Атырау, Көкшетау, Астана, Қызылорда, Орал, Ақтөбеден командалар қатысты», - деп хабарлады жастар саясаты жөніндегі басқармадан.
Турнир ұйымдастырушылары қатысушыларға ұш тақырып ұсынды: діни экстремизм проблемасын шешу, жас отбасылардың проблемасы, және жастарды кәсіпкерлікпен айналысуға тарту.
«Төрешілер пікірсайысқа қатысушылар алдында пікірсайысты сауатты ұйымдастырып қана қоймай, проблемаларды шешудің өзіндік жолын табу міндетін қойды», - деді басқармадан.
Қазылар алқасының пікірінше, ең үздік деп астаналық Гумилев ат. Еуразиялық ұлттық университет студенттері танылды, екінші орын Көкшетаулық А. Мырзахметов ат. университет студенттеріне бұйырды, ал үшінші орынды Қызылорданың «Болашақ» университетінің командасы алды.

adimage