Алматы. 4 ақпан. ҚазТАГ – Атыраудағы жұқпалы аурулар ауруханасында бір күнде екі бала көз жұмды, деп хабарлады «Ақ жайық».
«Біз 29 қаңтарда орын алған екі баланың өлімін растаймыз. Екі айлық С.Н.көп ағзалық жетіспеушілік синдромынан, сепсис пен септикопиемиядан көз жұмды. Ол ауруханаға іріңді менингоэнцефалиттің ауыр түрімен түсті. Ауруханада алты күн жатты. Сол күні екі жасар М.А. (Аулым Махамбетқали – ҚазТАГ) та көз жұмды», - деп хабарлады Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасынан.
Шенеуніктер дәрігерлердің барлық қажетті көмекті көрсеткенін, алайда балаларды құтқарып қала алмағандарын айтады.
«Сараптама М.А.-ның сепсис пен инфекциядан көз жұмғанын растады. Бұл жағдайлар біздің басқарманың бақылауында», - деп мәлімдеді облденсаулық басқармасынан.
Алайда екі жасар А.Махамбетқалидың анасы – Анжела Махамбетқали дәрігерлер қызының диагнозын шатастырып алған деп санайды.
«Әркез әр түрлі диагноз қойды, анемия және қызылша белгілері де болған дейді. Ал бүгін нақты себебін атаудан бас тартты. Бас дәрігердің орынбасары бізбен кездесіп, сұрақтарға жауап беруден бас тартты», - деді А. Махамбетқали.
Хабарда атап өтілгендей, аурухананың бас дәрігерінің орынбасары Надя Ерғалиева екі жасар баланың өліміне – цитомегаловирусты инфекция себеп болған деді, алайда ары қарай журналистердің сұрағына жауап беруден бас тартты.
Атыраудағы жұқпалы аурулар ауруханасында нәресте мен екі жасар қыз бала бір күнде көз жұмды
