Атырауда үздік сынып жетекшісі таңдалды

Күні: 11:09, 11-11-2014.

Атырау. 11 қараша. ҚазТАГ – Атырауда «Үздік сынып жетекшісі-2014» конкурсының қорытындылары шығарылды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Атырауда қалалық «Үздік сынып жетекшісі-2014» кәсіби шеберлік конкурсының қорытындылары шығарылды. Бас жүлде иегері оқу мекемесінде 8 жылдық еңбек өтілі бар № 6 орта мектебінің бастауыш сынып оқытушысы Нұргүл Ермұхан атанды», - деді қалалық білім бөлімінен сейсенбіде.
Барлығы конкурсқа білім беру жүйесінде 3-тен 32 жылға дейінгі еңбек өтілі бар 29 мұғалім қатысты.
«Конкурсшылар өздерінің қарым-қабілеттері, әуестіктері мен өмірлік приоритеттері туралы айтып берді. Сондай-ақ ұстаздар «Педагогикалық шеберлік қоймасы» конкурсында өз білімдерін паш етті. Рухани-адамгершілік және әлеуметтік тәрбие тақырыптарына көрнекі сабақтар өткізілді», - деп түсіндірді білім бөлімінен.


Жаңалықтармен бөлісу: