Атырауда Әзербайжан мәдени және тарихи орталығы ашылды

Атырау. 4 желтоқсан. ҚазТАГ – Атырауда Әзербайжан мәдени және тарихи орталығы ашылды, деп хабарлады Досмұхамбетов ат. Атырау мемлекеттік университетінің әлем тілдері факультетінің деканы Ақмарал Қайыржанова.
«Атырау мемлекеттік университет жанынан Әзербайжан мәдени және тарихи орталығы ашылды. Жобаны Ақтаудағы Әзербайжан бас консулдығы мен біздің ЖОО бірлесіп іске асырды. Қазір қор барлық қажет кітаптармен жабдықталған», - деді бейсенбі күні А. Қайыржанова.
Оның айтуынша, келешекте осы орталықта магистранттар мен докторанттарға, сондай-ақ студенттерге, мектеп және колледж оқушыларына арналған ғылыми кітаптар көбейеді.  
«Қалауы бар кез келген адам орталыққа келіп, қолда бар әдебиеттерді пайдаланып, жұмыс жасауына болады. Келешекте мұнда дөңгелек үстелдер мен семинарлар, конференциялар өткізу жоспарлануда. Орталық бас консулдықпен бірлесіп басқа елдерден ғалымдарды шақыртпақшы, түркология, экология, Каспий проблемаларына арналған дәрістер өткізбекші», - деді А. Қайыржанова.  

adimage