Атырауда зейнеткер 120 түпке жуық қарасора өсімдігін еккен

Атырау. 7 тамыз. ҚазТАГ- Атырауда зейнеткер 120 түпке жуық қарасора өсімдігін еккен, деп хабарлайды «Мой Город».

«Полицейлер өзінің тұрғын үйінің ауласында 117 түп қарасора өсімдігін еккен 74 жастағы тұрғынды анықтап, ұстады. Айғақ заттар тәркіленді»,- деп хабарлайды Атырау облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, полиция өсірген және кептірілген марихуана сақтаған 54 жастағы күдіктіні ұстады. Тінту кезінде тұрғылықты мекен-жайынан үш келіге жуық қарасора және кептірілген марихуана тәркіленді.

«Қазіргі таңда екі күдіктіге қатысты қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр»,- делінген хабарламада.

Фото көзі: pixabay


adimage