Атырауда жүйелі түрдегі алаяқтығы үшін облыстық ауыл шаруашылық басқармасы басшысының бұрынғы МА айыппұлмен құтылды

Астана. 17 шілде. ҚазТАГ – Атырауда облыстық ауыл шаруашылық басқармасы басшысының бұрынғы МА Кісмеден Жанқуатов жүйелі түрдегі алаяқтығы үшін айыппұлмен құтылды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«16 шілдеде Атырау қ. №2 сотының үкімімен Жанқуатов Т2,9 млн. көлемінде айыппұл төлейтін болды. Сот үкім заңды күшіне енгеннен кейін бір ай ішінде айыппұлдың төленуі тиіс екенін және айыппұл уақытылы төленбеген жағдайда оның бас бостандығынан айыруға алмастырылатынын түсіндірді. Сотталушы өмір бойына мемлекеттік қызмет атқару құқығынан айырылды», - деп хабарлады сәрсенбіде сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктен.
Іс материалы бойынша Жанқуатов «алаяқтық және бопсалау жолымен жүйелі түрде «Агробизнес 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында субсидия беру мәселесін оң шешу үшін агроөнеркәсіп кешені субъектілерінен пара алып келген».

adimage