Атырауда жеңіл көлікке соққан автобус өртеніп кетті

Атырау. 24 ақпан. ҚазТАГ – Атырауда жеңіл көлікке соққан автобус өртеніп кетті, деп хабарлады «Мой город».
«Hyundai Sonata көлігі мен ПАЗ Тайманов пен Әлиев көшесінің қиылысында соқтығысты, соның салдарынан өрт шықты», - деп хабарлады дүйсенбіде Атырау облысы ТЖД.
Хабарда атап өтілгендей, оқиға ертеңгісін орын алған.
«Өрт 17 минут ішінде сөндірілген. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ», - делінген хабарда

adimage