Атырауда жедел жәрдем көлігі аударылып кетті

Күні: 16:26, 06-09-2018.

Алматы. 6 қыркүйек. ҚазТАГ – Атырауда жедел-жәрдем көлігі аударылып кетті, деп хабарлады «Мой город» порталы.
«6 қыркүйекте сағат 00.10-да  «УАЗ» маркалы жедел-жәрдем көлігі Сәтпаев көшесімен келе жатып, «Рубин» дүкенінің жанынан солға бұрылған.  Сол сәтте Д.Нұрпейсова ат. музыка академиясы жағынан  Mercedes маркалы көлігі келе жатқан. Сол кезде көліктер соқтығысқан. Жедел-жәрдем көлігі жанына аударылып кеткен», - деп хабарлады бейсенбіде Атырау облысы ІІД баспасөз қызметінен.  
Ведомствода атап өткендей, екі көлікте де 2 адамнан болған – жүргізуші және жолаушы, жүргізуші мен дәрігер.  
«Аталмыш дерек бойынша ҚР ӘҚбК 610 бабы бойынша хаттама толтырылған», - деп атап өтті ІІД-нен.


Жаңалықтармен бөлісу: