Атырауда жедел-жәрдем көлігі мен жеңіл машина соқтығысты

Алматы. 5 қараша. ҚазТАГ – Атырауда жедел-жәрдем көлігі мен жеңіл машина соқтығысты, деп хабарлады «Мой город».
«Сағат 9.38-де Амандосов пен Сатыбалдиев көшелерінің қиылысында бағдаршамның қызыл түсіне шығып кеткен Ford Transit маркалы жедел-жәрдем көлігі ВАЗ-2114 маркалы көлігімен соқтығысқан. Соққыдан жедел-жәрдем көлігі жанына құлаған», - деп хабарлады сейсенбіде Атырау облысы полиция департаментінен.
Сонымен қатар жол апатынан Toyota Camry және LADA Largus көліктеріне де зақым келген.
«Жедел-жәрдем көлігінде болған екі фельдшер облыстық ауруханаға жеткізілді, алайда ауруханаға жатудан бас тартқан. Сонымен қатар ВАЗ-2114 жүргізушісінің әйелі де ауруханаға жеткізілді. ЖКО себептері анықталуда», - делінген хабарда.

adimage