Атырауда жолаушылар автобусы ер адамды өлімші етіп қағып кетті

Күні: 15:26, 24-11-2020.

Атырау. 24 қараша. ҚазТАГ – Атырауда жолаушылар автобусы ер адамды өлімші етіп қағып кетті, деп хабарлады «Мой город».
«С.Датов көшесіндегі Sinoil ЖҚС ауданында Daewoo жолаушылар автобусы жолдың жаяу жүргіншілерге арналмаған бөлігімен өтіп бара жатқан ер адамды қағып кетті. Жаяу жүргінші жарақатының ауырлығына байланысты ауруханада көз жұмды», - деп хабарлады сейсенбі күні Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Оқиға 16 қарашада орын алды, бірақ ол туралы тек бүгін ғана хабарланып отыр.
Атырау облыстық ауруханасында марқұмды жан сақтау бөлімшесінде 30 минут бойы аман алып қалуға тырысқан.
Куәгерлердің айтуынша, марқұм 60-тар шамасында болған.


Жаңалықтармен бөлісу: