Атыраудан алыс емес жерде бір айдан кейін мал қорымын ашу жоспарлануда

Күні: 17:11, 30-05-2019.

Атырау. 30 мамыр. ҚазТАГ - Атыраудан алыс емес жерде бір айдан кейін мал қорымын ашу жоспарлануда, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Бір айдан кейін Атыраудан алыс емес жерде мал қорымы ашылады, Атырау – Астрахань тас жолы маңында. Ветеринарлық-санитарлық нысанды ұйымдастыруға бюджеттен   Т330 млн бөлген», - деп хабарлады бейсенбіде Атырау ветеринария бөлімінің басшысы м.а. Жұмабек Қуанышев.
Атырау құрылыс бөлімінің ақпарынша, мал қорымында крематорий болады, ол жерде өлген малды өртейді. Жоба бойынша 2 га алаңды алатын қоршалған аумақта бір қабатты үш ғимарат салынады, онда 3 биометриялық шұңқыр, 3 крематорий мен ветеринар кабинеті болады. Малға арналған «крематорийде» бірден 8 тонна қалдықты өртеуге болады.


Жаңалықтармен бөлісу: