Атырау. 14 қараша. ҚазТАГ – Атырау облысының экс-әкімі Бергей Рысқалиевтің ҰҚТ ісі бойынша айыпталып отырған Атырау қаласының экс-әкімі Асқар Керімов 3 жылға бас бостандығынан айрылды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Керімов жазасын жалпы тәртіптегі кололнияда өтейтіндей етіп 3 жылға сотталды», - деп хабарлады агенттік тілшісі сот залынан.
Еске салсақ, Атырауда Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиев басқарған ұйымдасқан қылмыстық топ (ҰҚТ) туралы іс бойынша сот процессі басталды. Қылмыстық іс ашық өтуде. Сот орыс тілінде өтуде. Сот процессін Атырау облысының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сот төрағасы Гүлмира Дәулетова жүргізуде. Оған көмекші судья ретінде Жұмағали Тәшімов тағайындалған.
Бұрын хабарланғандай, сот залында 22 адам сотқа тартылып отыр. Олардың арасында Атырау облысы әкімінің орынбасары Болат Дәукенов пен Асқар Әбдіров, Атыраудың экс-әкімі Асқар Керімов пен басқалар бар.
Сотталушыларға ҚР ҚК 235 б. (бір немесе бірнеше қылмысты жасау мақсатында ұйымдасқан топты құру және басқару, оған қатысу), ҚР ҚК 176 б. (сеніп тапсырылған өзгенің мүлкін иемдену және жұмсау), ҚР ҚК 192 б. (жалған кәсіпкерлік), ҚР ҚК 193 б. ( ақшалай қаражатты немесе қылмыстық жолмен алынған өзгенің мүлкін заңдастыру), ҚР ҚК 307 б. (қызметтік құзыретін асыра пайдаланушылық), ҚР ҚК 314 б. (қызметтік жалғандық) бойынша айыптаулар тағылып отыр.
Қылмыстық іске тартылып отырғандарға мемлекеттік айыптаушы 8-ден 18 жылға дейінгі жаза сұрап отыр.
Қатысты сілтемелер
-
Бас прокуратура Қайрат Сатыбалдыны МББ туралы: алдын ала шешім шығармаңыздар11 Желтоқсан 2023, 16:35
-
Қостанайда қирандылар астынан адамдарды құтқару кезінде екеуі табылды және тағы біреуі мерт болған11 Желтоқсан 2023, 16:12
-
Қостанайда тұрғын үй кешеніндегі ТЖ салдарынан жеті адам қирандылар астында қалған11 Желтоқсан 2023, 15:52
-
ШҚО-да марал шаруашылығының қызметкерлері түнде өзеннің ортасында қалып қойды11 Желтоқсан 2023, 15:41
-
Ауа райының қолайсыздығынан 46 тас жолда жол қозғалысы шектелді11 Желтоқсан 2023, 15:28