Атыраулық ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Қазақстанның ең үздік педагогы атанды

Атырау. 8 қазан. ҚазТАГ – Атырау қаласының ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Зора Файзуллина республикалық «Үздік педагог» конкурсының жеңімпазы болды, деп хабарлады «Ақ Жайық» газеті.  

«Ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын техникалық гимназияның мұғалімі Зора Файзуллина республкиалық «Үздік педагог» конкурсының жеңімпазы болды. ҚР білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов оған «Үздік педагог» медалі мен ақшалай сыйлық табыстады», - делінген бейсенбідегі хабарда.  

Бұл ретте, оның бұрынғы 20 шақты оқушысының облыс мектептерінде ағылшын тілінің мұғалімі екені, көбі қалалық, облыстық олимпиададардың, ғылыми жұмыстардың жүлдегерлері екені айтылған. Сонымен қатар бір жыл бойына АҚШ-та тегін оқуға мүмкіндік беретін АКСЕЛС Америка-Қазақстан конкурсының жүлдегерлері де бар.  

Хабарда айтылғандай, Зора Файзуллина Вашингтондағы Джорджтаун университетінде тәжірибе алмасу бойынша тәлімдемеден өткен, Луизиана штатындағы Жаңа Орлеан қаласында 45-ші халықаралық конференцияға, Ұыбританияда ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің «IATEFL» 46-шы конференциясына қатысқан.

З.Файзуллинаның айтуынша, шет тілін жақсы меңгеру үшін үнемі сөйлеу және жазу сауаттылығын артытып, сол тілде сөйлейтіндермен араласу, сол тілде кинолар мен бағдарамалар қарау және т.б. керек.  

Жыл сайынғы «Үздік педагог» конкурсы Қазақстанда төртінші рет өткізіліп отыр. Конкурстың басты критерийі педагогтар мен олардың оқушыларының жетістіктері. Биыл конкурсқа 300 мың мектеп мұғалімдері мен 45 мың колледж оқытушылары қатысты.  

adimage