Атыраулықтарға шетелде тегін оқу үшін 20 мың грант беріледі

Күні: 13:05, 01-11-2018.

Атырау. 1 қараша. ҚазТАГ – Шетелде тегін оқу үшін шетелдік ЖОО-лар Атырауға 20 мың грант бөледі, деп хабарлады агенттік тілшісі.  
«Биыл Атыраудағы ЖОО екі түлегі мен колледждің 15 түлегі шетелде оқу мүмкіндігіне ие болады. Бұл мүмкіндікке Атырау облысы әкімдігі мен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ ортақ күшінің арқасында қол жеткізілді. Атырауда  Education Fair шетелдік  ЖОО-лардың ірі көрмесін өткізу жоспарлануда. Ұйымдастырушылар қазақстандықтардың шетедлде тегін оқуын қамтамасыз ету үшін Атырауға шамамен 20 мың білім грантын алып келмекші», - деп хабарлады Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметінен.  
Мұнайлы астанаға әлемнің 40 елінен 200 университет өкілдері келеді
«Екі күн бойы Атырау облысының тұрғындарында шетелдік ЖОО өкілдерімен тікелей сөйлесуге, шетелде тегін оқу мүмкіндіктері туралы білуге, білім саласы бойынша кәсіби кеңес алуға мүмкіндіктері болады», - деп хабарлады «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті  Жанболат Мелдешов.


Жаңалықтармен бөлісу: