Ауғанстан қазақстандық бидай импортын қаңтар-қыркүйекте 4 есеге арттырды

Күні: 18:27, 31-10-2014.

Астана. 31 қазан. ҚазТАГ – 2014 жылдың қаңтар-қыркүйегінде Ауғанстанға шығарылатын Қазақстанның бидайының, бидай қоспалары мен қарабидайының экспорты 21,1 мың тоннаны немесе $4,9 млн, соманы құрады, бұл 2013 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда көлемі бойынша 4 есе, құны бойынша 4,6 есеге көп, деп хабарлады ҚР қаржы министрлігінің кедендік бақылау комитетінен.  

Жарияланған мақалада көрсетілгендей, Кедендік одақ елдерін қоспағанда Қазақстан бидайының экспорты 2014 жылдың қаңтар-қыркүйегінде  2,8 млн тоннаны немесе $640,3 млн соманы құрады, бұл былтырғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда көлемі бойынша 20,8%-ға, құны бойынша 8,8%-ға көп.  

Қазақстандық бидайды сатып алушылар ішіндегі ірілері: Иран – 648 мың тонна (+107,1%) $169 млн (+88,2%) сомаға, Өзбекстан – 587,1 мың тонна (+25%) $95 млн сомаға (+19,6%), Әзірбайжан – 329,4 мың тонна (-51,4%)   $77,7 млн сомаға (-59,2%), Тәжікстан – 483,2 мың тонна (+18,9%) $116,5 млн  сомаға (+8,3%), Қырғызстан – 274,2 мың тонна (+48,8%) $60,3 млн сомаға (+28,3%), Қытай – 178,4 мың тонна (6,9 есе көп) $48,2 млн сомаға (6,2 есе көп).


Жаңалықтармен бөлісу: