Ауғанстан Ираннан келетін өнімнің төрт түріне тыйым салды

Алматы. 17 қыркүйек. ҚазТАГ - Ауғанстан Ираннан келетін өнімнің төрт түріне тыйым салды  - мұнай өнімдері, цемент, болат өнімдері мен керамика, деп хабарлады Иран телеграф агенттігі (ИрТАГ).
«Иран сауда-өнеркәсіптік палата өкілінің ақпарынша Ауғанстанның Иран импортына шектеу салуы АҚШ-тың Иранға қарсы санкциясының жаңғыруымен байланысты», - делінген дүйсенбідегі хабарда.  
Еске салсақ, Иранға қатысты америкалық санкцияның бірінші бөлімі 7 тамызда қайта іске қосылды, шектеу шаралары Иранның көлік құрылысы саласы мен алтын мен басқа да металдарды сатып алу мен сатылымын қамтыды.
Сонымен қатар, шілденің басында Мемдепартаменттің саяси жоспарлау бөлімінің директоры Брайан Хук америкалық билік энергетикалық санкция көмегімен Иранның мұнай кірістерін нөлге дейін қысқартуға мүдделі екенін мәлімдеді, ол шаралар 4 қарашада жаңғыртылуы мүмкін.


adimage