Ауғанстан терроризммен күресте ШЫҰ елдерін елдің арнайы қызметіне көмектесулерін сұрап отыр

Күні: 12:36, 23-10-2014.

Ташкент. 23 қазан. ҚазТАГ – Ауғанстан Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) кіретін елдерді терроризммен күресте елдің арнайы қызметіне көмектесулерін сұрап отыр, делінген бейсенбідегі ШЫҰ өңірлік антитеррорлық құрылымының (ШЫҰ ӨАТҚ) сайтындағы хабарда.

ШЫҰ ӨАТҚ атқарушы комитетінің директоры      Чжан Синьфэн мен  Ауғанстанның Өзбекстандағы елшісі    Даудзай Мохаммад Садик жақында Ташкентте Ауғанстандағы жағдайды талқылады, делінген хабарда.  

«Ауған дипмиссиясының басшысы Ауғанстанның қауіпсіздік және қорғаныс күшінің елдің оңтүстігі мен шығысында ықпалы мықты «Талибан» қозғалысы тарапынан болып отырған террористік қауіптерге қарсы тұруға дайын екенін айтты. Елші ШЫҰ елдеріне Ауған Ислам Республикасының ұлттық қауіпсіздік күшіне терроризммен күресте көмек көрсетулері туралы өтініш жасады», - делінген құжатта.

Өз кезегінде   Ч. Синьфэн аталмыш мәселенің алдағы қараша айында ШЫҰ жанындағы мүше мемлекеттердің құзырлы органдары мен бақылаушы мемлекеттері қатысатын Ташкентте өтетін ІІ ғылыми-тәжірибелік конференцияда талқылану мүмкіндігін айтты.

ШЫҰ мүше мемлекеттер:   Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан. ШЫҰ жанындағы бақылаушы мемлекет статусына ие елдер    Ауғанстан, Үндістан, Иран, Монғолия, Пәкістан, диалог бойынша әріптесі  - Белоруссия, Шри-Ланка және Түркия. ӨАТҚ 2004 жылы құрылған, оның базасы Ташкентте орналасқан.  


Жаңалықтармен бөлісу: