Алматы. 28 қаңтар. ҚазТАГ - Ауғанстанда АҚШ әскери-әуе күштерінің (ӘӘК) ұшағы құлады, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«АҚШ-тың Bombardier E-11А ұшағы бүгін Газни (Ауғанстан) провинциясында апатқа ұшырады. Әзірге апат себебі тексерілуде, апаттың жау қолынан орын алғандығының ешқандай белгісі жоқ. Қосымша ақпаратты тағы да хабарлаймыз», - деді Ауғанстандағы америкалық әскери қолбасшылығының ресми өкілі Сонни Леджетт.
Оның айтуынша, талибтердің басқа да апатқа ұшыраған әуе кемелерінің бары туралы ақпараты шындыққа жанаспайды.
Құпиялық жағдайында ақпарат ұсынған Америка әкімшілігіндегі дерек көзіне сілтеме жасаған Reuters агенттігі ұшақ бортында 10-нан аз адам болғанын айтады.
ТАСС хабарлағандай, бұған дейін «Талибан» радикалды қозғалысының содырлары ұшақтың құлауына жауапкершілікті өздеріне алған болатын. Талибтер қаза тапқандар арасында ОТБ бірнеше офицері болғанын мәлімдеді.
Еске салсақ, дүйсенбі күні ертеңгісін «Талибан» бақылауындағы аумақта Газни орталық провинциясында ұшақ құлаған еді. Бастапқыда хабарлағандай, бұл «Ариана афганские авиалинии» (Ariana Afghan Airlines) әуекомпаниясының азаматтық лайнері болатын, ол Гераттан Кабулге ұшып шыққан, алайда ұлттық әуетасымалы бұл ақпаратты жоққа шығарды.
Кейін TOLOnews телеарнасы хабарлағандай, белгілеріне қарағанда ұшақ АҚШ ӘӘК тиесілі екен. Апат орнына ауғандық арнайы жасақ пен құтқару жасағы жіберілді. Кейін апат орнынан видео таратылды, оның кадрында ұшақтың ішінің толығымен өртенгені көрінеді, тек фюзеляж бөліктері ғана қалған. Кейбір ауған дерек көздеріне сәйкес ұшақта 15 адамдай болуы мүмкін. Билік бұған қатысты ресми ақпарат таратып отырған жоқ.
Қатысты сілтемелер
-
Қазақстанда 15 сәуірден жол жүрісі қауіпсіздігі бойынша жаңа жобаның пилоты басталмақ28 Наурыз 2024, 16:34
-
Экс-министр Асхат Оралов президент әкімшілігінің меминспекторы болды28 Наурыз 2024, 16:03
-
Си Цзиньпин Қазақстанға шілдеде келеді деп күтілуде28 Наурыз 2024, 15:58
-
Тоқаев Қытайда БҰҰ бұрынғы бас хатшысы Пан Ги Мунмен кездесті28 Наурыз 2024, 14:34
-
Ешкім көмексіз қалмайды – Бектенов28 Наурыз 2024, 14:26