Ауғанстанда есірткі өндірісі бұрын-соңды болмаған қарқынмен өсті

Күні: 13:59, 22-10-2014.

Алматы. 22 қазан. ҚазТАГ – Ауғанстанда есірткі өндірісінің көлімі мен апиын егістігінің ауданының артуы АҚШ-тың АИР-да есірткіге қарсы бағдарламасының тиімсіздігін көрсетіп отыр, делінген Ауғанстанды қалпына келтіру жөніндегі арнайы бас инспекторы (SIGAR) Джона Сопко.
«Елде көкнәр өсіру былтыр рекордтық мөлшерге жетті, бұл биылғы маусымда АҚШ ауғандық есірткі өндірісіне қарсы күреске деп бөлген қаражатының сомасы $7,6 млрд-қа жетіп отырғанына қарамай. Былтыр көкнәр егістігінің жалпы ауданы 2007-ші жылғы 193 мың гектардан асып, рекордтық 203 мың гектарға жетті», - деп хабарлады сәрсенбі күні Ауған телеграф агенттігі (АуТАГ).  
Есепте, сонымен қатар, Ауғанстанның бұрындары көкнәр егістігінен азат болған бірқатар провинциялары тиым салынған дақылды қайта өсіре бастағаны айтылады: мысалы, Пәкістанмен шекарадағы Нангархар провинциясы, ол 2008 жылы есірткіге қарсы күрес бағдарламасының тиімділігінің үлгісі деп танылған болатын. Бұл ретте есірткі және қылмыс жөніндегі БҰҰ басқармасының мәліметтерінше, 2012 жылы Ауғанстанда $2 млрд сомалық апиын өндірілген, ал 2013 жылы бұл көрсеткіш $3 млрд болды, делінген есепте.
Осы себепті SIGAR басшысы АҚШ билігін антиесірткілік бағдарлама дайындағанда ескеруге шақырды.


Жаңалықтармен бөлісу: