Ауғанстанның бірінші ханымы әйелдерге «өздерінің отбасындағы мәнділігін нығайтуға» көмектеспекші

Күні: 11:28, 15-10-2014.

Алматы. 15 қазан. ҚазТАГ – Ауғанстан президенттігіне сайланған Ашраф Ғани Ахмадзайдың әйелі Рула Ғани ауған әйелдерінің қоғамдағы жағдайының жақсаруына қол жеткізу ниетінің барлығын мәлімдеді, деп хабарлады Ауған телеграф агенттігінен (АуТАГ).
Los Angeles Times газетіне берген сұхбатында Рула Гани елдің әлеуметтік нормаларын шайқалту ниетінің жоқтығын, бірақ қолданыстағы институттар аясында әйелдерге көмек көрсетпекші екенін атап өтті.
«Мен әйелдерге отбасындағы өздерінің мәнділігін нығайтуына көмектесемін», - деп ол атап көрсетті.
Президенттің әйелі оның қасындағылардың көбі әйелдер мәселесінде оның көзқарасын бөліспейтіндігіне, олар әйелдердің құқығын қорғау мәселесін әйелдерді отбасынан ажыратып алу деп түсінетіндігіне өкініш танытты.
Рула Ганидің айтуынша, ауған қоғамында отбасы өзінің құндылығын жоғалтпауы тиісті, және әйелдердің білім алуы, жұмысқа орналасуы олардың туыстарын қолдауына, отбасын қамтамасыз етудегі өздерінің рөлін нығайтуға мүмкіндік береді.
Бұрындары Рула Гани Ахмадзайдың қарсыластары тарапынан талай рет сынға  ұшыраған. Себебі Ахмадзайдың әйелі ливандық отбасынан шыққан, христиан дінінде, ұзақ уақыт ерімен бірге АҚШ-та тұрған.
Дегенмен бірінші ханым оның біліміне күйеуінің туыстары тарапынан құрмет көрсетіліп, оған дари тілін игеруіне мүмкіндік беріп, уақыт өте ауған дәстүріне үйреніп кетуіне көмектесті дейді.  Рула Гани өзін ауған қоғамында жат сезінбейтіндігін айта отырып, оның діни ұстанымының әйелдерге және мұсылман күйеуінің саясатына қолдау көрсетуінде ешқандай кедергі келтірмейтінін мәлім етті.


Жаңалықтармен бөлісу: