Ауа райыға байланысты ШҚО-да егіс науқаны әдеттегіден кеш басталады

Күні: 12:11, 02-05-2019.

Алматы. 2 мамыр. ҚазТАГ – Ауа райыға байланысты Шығыс Қазақстан облысында егіс науқаны әдеттегіден кеш басталады, деп хабарлады ресми БАҚ.
«Ауа райы жағдайы Шығыс Қазақстан аграршыларының жоспарына өз түзетулерін енгізді. Шаруалар белгілегендей, биыл егіс науқаны әдеттегіден кеш басталады. (...) Өңірде барлығы 1 млн 400 мың га алқапқа егін егу жоспарлануда. Бұл былтырғыға қарағанда 82 мың га. көп», - делінген бейсенбідегі хабарда.
Белгілі болғандай, алқаптың біраз бөлігіне бұршақты дақылдар егіледі- ас бұршақ, фасоль, жасымық.
«Шаруа қожалықтары барлық қажетті тұқымдар қорын сатып алып қойды. Олардың 90 тоннадан астамы тексеру үшін арнайы зертханаларға түсті», - делінген хабарда.
Облыстық ауыл шаруашылық басқармасы бөлімінің басшысы Әділет Төлеутаевтың айтуынша барлығы облыс бойынша егістік кампаниясына 32 мың тонна дизель отыны қажет.
«Оның 5,5 мың тоннасын шаруа қожалықтарының өздері сатып алды. Қалған 27 мың тоннаны Павлодар мұнай-химия зауыты квота бойынша бөледі. Наурызда 8 мың тонна, сәуірде 9 мың, мамыр мен маусымда 5 мың тоннадан түсті. Құны бойынша бір тоннасы 193 мың теңгеден, немесе операторлардан литріне 160 теңгеден, ал литрі 184-185 теңгеден ақырғы тұтынушылар үшін», - деді Төлеутаев.


Жаңалықтармен бөлісу: