Ауа райының қолайсыздығынан Қазақстанда екі республикалық тас жолда қозғалыс шектелді

Астана. 31 желтоқсан. ҚазТАГ - Ауа райының қолайсыздығынан Қазақстанда екі республикалық тас жолда қозғалыс шектелді, деп хабарлады «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметінен.
«Ауа райының нашарлауынан Өскемен – Риддер – Ресей Федерациясының шекарасы (Белоусовка ауылынан Риддерге дейін 15-105 шақырым) жүк көлігі үшін (тіркеме, жартылай тіркеме) қозғалыс шектелді. Самара – Шымкент жолында (Қорқыт атадан Таңға дейін 1630-1702 шақырым) көліктің барлық түрі үшін қозғалыс шектелді», - деп хабарлады сейсенбіде «ҚазАвтожол» ҰК» АҚ баспасөз қызметінен.
Ведомствода атап өткендей, жолда кездейсоқ жағдай туындаған жағдайда республикалық маңыздағы жолды пайдаланушылар қалалық телефон нөмірі арқылы +7 7172 444 777, сондай-ақ диспетчерлік қызметтің мобильді телефоны мен WhatsApp нөміріне хабарласа алады +7 771 7444 777.

adimage