Ауа райының қолайсыздығынан республикалық тас жолдың екі бөлігінде қозғалыс жабылды

Астана. 20 қаңтар. ҚазТАГ - Ауа райының қолайсыздығынан республикалық тас жолдың екі бөлігінде қозғалыс жабылды, деп хабарлады «Қазавтожол» ҰК.
«Ауа райының қолайсыздығынан көліктің барлық түрлері үшін республикалық маңыздағы тас жолдардың екі бөлігінде қозғалыс жабылады: Омск – Майқапшашай (910-1002 км, Қалбатау – Көкпекті), Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы (105-123 км, Шемонаиха – РФ шекарасы)», - деп хабарлады дүйсенбіде ұлттық компанияның баспасөз қызметінің басшысы Маржан Ордабай.
Ол еске салғандай, күтпеген жағдай туындаған кезде 1403 нөміріне қоңырау шалуға болады.

adimage