Ауа райының қолайсыздығынан Самара-Шымкент тас жолының бөлігі жабылды

Астана. 6 желтоқсан. ҚазТАГ – Ауа райының қолайсыздығынан Самара-Шымкент тас жолының бөлігі жабылды, деп хабарлады Қазақстанның индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметінен.
«Ауа райы жағдайына байланысты Самара-Шымкент тас жолының 773-1153 шақырымында қозғалыс шектелді», - делінген жұмада таратылған хабарда.
Жолда кездейсоқ жағдай туындаған жағдайда республикалық маңыздағы жолды пайдаланушылар қалалық телефон нөмірі арқылы +7 7172 444 777, сондай-ақ диспетчерлік қызметтің мобильді телефоны мен WhatsApp нөміріне хабарласа алады +7 771 7444 777.

adimage