Аустралия ашық чемпионатының финалында Елена Рыбакина әлемнің 10-ракеткасы атанды

    Астана.30 қаңтар. ҚазТАГ- Аустралия ашық чемпионатының финалында Елена Рыбакина әлемнің 10-ракеткасы атанды, деп хабарлады Sports.kz.
   «Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатының финалына дейін жетуі нәтижесінде 25-тен 10-орынға көтеріліп, өз спорт жолында алғаш рет үздік ондыққа енді»,- делінген хабарламада.
    Жекелей сында бұған дейін қазақстандық теннисшілерден ешкім ондыққа еніп көрген емес.
   Сондай-ақ Юлия Путинцева 47-ден 44-сатыға жоғарылады.
   Жұптық сында Анна Данилина 24-орында тұр.

adimage