«Ауыл» партиясы Қазақстан президенттігіне өз үміткерін ұсынды

Күні: 18:47, 25-04-2019.

Алматы. 25 сәуір. ҚазТАГ – Владимир Радионов. «Ауыл» партиясы Қазақстан президенті сайлауына өз үміткерін ұсынды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Ауыл» партиясы өзінің сайлауалды съезінде Қазақстан президентіне үміткер ретінде Төлеутай Рахымбековты ұсынды.
«Мен үшін әділдік, ауыл тұрғындарының мүдделерін қорғау маңызды»,- деп мәлімдеді съезд делегаттарына өзнің жоспарын түсіндірген «Ауыл» патиясынан президенттікке үміткер.
Рахымбеков 2019 жылдың 15 сәуірінен бастап «Ұлттық аграрлық ғылыми-оқыту орталығы» ҰАҚ басқарып келеді, оған дейін 2017 жылдың қыркүйегінен бастап 2019 жылдың сәуіріне дейін С.Сейфуллин ат. қазақ агротехникалық университетінің «Қаржы» кафедрасының профессоры болған. Оның алдында 2017 жылдың сәуірінен 2017 жылдың шілдесіне дейін ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметін атқарған.
Еске салсақ, 19 наурызда Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет басшысы лауазымындағы өз өкілеттігін 2019 жылдың 20 наурызынан бастап тоқтататыны туралы жарлыққа қол қойған еді. Келесі президент сайлауына дейін елді уақытша сенаттың экс-спикері Тоқаев басқарады.
9 сәуірде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа үндеу жариялады, ол үндеуде 2019 жылдың 9 маусымында кезектен тыс президент сайлауы өтетін мәлімдеді. Мемлекет басшысының тиісті жарлығына қол да қойылды.
ҚР президенті лауазымына үміткерлерді ұсыну 28 сәуірге дейін жалғасады.


Жаңалықтармен бөлісу: