Ауыл шаруашылықминінде ҚР барлық өңірінде қарақұмық бағасының өсу себебін атады

Астана. 21 ақпан. ҚазТАГ – Махамбет Әбжан. ҚР ауыл шаруашылық бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров Қазақстанның барлық өңірінде қарақұмық бағасының өсу себебін атады.
«Бұл жерде айта кету керек, өткен жылы қарақұмық алқабы 2018 жылмен салыстырғанда 29,4 мыңға қысқарғанын айта кету керек. Алқаптардың күрт қысқаруы Шығыс Қазақстан (11,7 мың га), Павлодар (9,2 мың га), Қостанай (7,0 мың га) облыстарында байқалды. Бұл қарақұмық жармасының құнына әсер етіп, барлық өңірде оның қымбаттауына әкеп соқтырды», - деп мәлім етті Сапарбаев жұма күні ауыл шаруашылық министрлігіндегі (АШМ) кеңейтілген отырыста.
Осыған байланысты ол «оның әлеуметтік маңызын ескере отырып», аталмыш дақылды егу алаңын арттыру керек деп санайды.

adimage