Ауылдардағы көп балалы отбасыларға бизнес үшін Т500 мың грант беріледі – ҚР еңбек мині

Астана. 28 ақпан. ҚазТАГ – Ауылдық жерлердегі көп балалы отбасыларға еңбекпен қамту және табысын арттыру үшін 500 мың теңге көлемінде мемлекеттік гранттар берілетін болады, деп мәлімдеді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев бейсенбідегі үкімет отырысында.
«Атамекен» ҰКП-мен бірге «Еңбек» мембағдарламасына тиісті өзгеріс енгізу қарастырылуда. Екіншіден, еңбекпен қамту, отбасылық бизнесті ашу, көп балалы ауылдықтардың табысын арттыру мақсатында – көп балалы ауылдықтар үшін қайтарымсыз негізде 500 мың теңге көлемінде жаңа бизнес- идеяларға мемлекеттік гранттар ұсынылатын болады», - деді ол.
Министр атап өткендей, шағын несиелеу аясында 2019 жылға жоспарланған 14 мың шағын несиенің бес мыңы ауылдағы көп балалы аналар мен мүгедектігі бар тұлғалардың кәсіпкерлікті дамытуына жұмсалатын болады. Нәтижесінде 15 мың көпбалалы ана өз ісімен айналысып, кірісін арттыруға мүмкіндік алады.
Сонымен қатар, көпбалалы азқамтылған отбасылар үшін сұранысқа ие мамандықтар бойынша қысқа мерзімді оқу ұйымдастырылады, үйлерде әлеуметтік жұмыс орындары ашылады, мәселен, киім тігу, нан пісіру секілді.

adimage