Қауымдастық басшысы мейрамханаларда темекі тартуға арналған зоналар туралы талаптарды ҚР заңында нақты көрсетуді ұсынады

Күні: 15:36, 22-10-2014.

Алматы. 22 қазан. ҚазТАГ – Владимир Радионов. Қазақстан мейрамханаларда темекі тартуға арналған зоналарға қойылатын талаптарды айқын көрсететін нормалар жасауы керек, деп есептейді «HoReCa-Казахстан» мейрамхана-қонақ үйі бизнесі кәсіпорындары қауымдастығының президенті  Игорь Копайлов.  
«Бүгіндері ресораторлар темекі шегуге арналған бөлмелерін өздеріне қолайды түрде жабдықтауда. Парламент мәжілісінде қоғамдық тамақ ішетін жерлерде темекі тартуға тыйым салу туралы ұсыныс бар, бірақ біз дәмханалар мен мейрамханаларды, түнгі клубтарды бөлек санатқа шығаруды ұсынып отырмыз. Себебі онда адамдар тынығуға келеді», - деді ол сәрсенбі күнгі баспасөз мәслихатында.
Бұл ретте ол қазір Қазақстанда қолданыстағы шектеулерге байланысты мейрамханалық бизнесте айналым азайып отырғаны байқалатынын атап кетті. Рестораторлар төлейтін салықтардың азаюынан бюджет кірісі де 8-10% болып отыр екен. Ол сондай-ақ Ресей тәжірибесін де алға тартты. Ресейде қоғамдық тамақ мекемелерінде темекі шегуге тыйым салынғалы кальян шегуге арналған мекемелер мен пабтардың  30%-ы жабылдып, рестораторлардың жалақылары орташа алғанда 15-27% кеміпті.  
«Егер тыйым салу енгізілетін болса, Қазақстанда кірістің азаюы бірнеше есе болады, себебі біздің нарық көлемі Ресейдікінен бірнеше есе аз», - деп есептейді И. Копайлов.
Оның келтірген есебін ресейлік әріптесі – РФ бармен қауымдастығының президенті Сергей Цыро да растады.
«Ресми статистика Ресейдегі мейрамханалық бизнес кірісінің 15-30% азайғанын растап отыр, бірақ ашығындағы цифрлар одан әлдеқайда көп», - деді ол.
Бұл ретте ресейлік сигаралық одақ президенті Андрей Лоскутовтың мәліметтерінше, антитемекілік заңнаманың күшіне енгелі алынған айыппұлдар 17 млн рубль болып, ал бюджетке кіріс 16,5 млн-ға азайыпты.
Бұл ретте, А. Локутов атап кеткендей, Ресейде ойластырылмаған шаралар себебінен заңнама сақталмайды: 20 сигарттің 17-сі заңнаманы бұза отырып шегіледі.


Жаңалықтармен бөлісу: