Ауыр атлет Дарья Ахмерова Фиджидегі ӘЧ Қазақстан үшін екінші «алтынды» жеңіп алды

Астана. 7 маусым. ҚазТАГ – Ауыр атлет Дарья Ахмерова Фиджидегі Әлем чемпионатында (ӘЧ) Қазақстан үшін екінші «алтынды» жеңіп алды, деп хабарлады ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің (ҰОК) баспасөз қызметінен.
«Сува (Фиджи) қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан Әлем чемпионатында Дарья Ахмерова Қазақстан командасы үшін екінші алтын медаль жеңіп алды. Халықаралық жарысқа алғаш шыққан 20 жасар спортшы қоссайыста 236 кг (103+133) сомасымен әлем чемпионатында алтын медальға қол жеткізді», - делінген жұмадағы хабарда.
Сонымен қатар, Ахмерова жұлқа көтеруде «кіші» алтынды, серпе көтеруде де «кіші» алтынды иемденді.
Еске салсақ, бұған дейін біріншілікте алтын медальды Карина Құзғанбаева иемденді. Екі алтын медальдан басқа Қазақстан қоржынында «қола» да бар, оны Артем Антропов иемденген болатын.

adimage