Астана. 12 наурыз. ҚазТАГ – Қазақстандық ауыр атлет Сапи Есенгелді Лас-Вегастағы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында үшінші «алтынды» иемденді, деп хабарлады ҚР ауыр атлетика федерациясының баспасөз қызметінен.
«Бүгін қазақстандық құрама қоржыны тағы бір медальмен толықты. 81 кг дейінгі салмақта өнер көрсеткен Сапи Есенгелді қоссайыс бойынша 309 келі (жұлқа көтеруде 134 кг, серпе көтеруде 175 кг) салмақты бағындырып, қазақстандық командаға Лас-Вегастағы жасөспірімдер чемпионатында тағы бір алтын медель әкелді», - делінген сейсенбідегі хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, бұл Есенгелді үшін бірінші халықаралық жарыс.
Ауыр атлет Есенгелді Лас-Вегастағы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан қоржынын үшінші «алтынмен» толықтырды
