Ауыр атлетикадан Азия чемпионаты коронавирус салдарынан Қазақстаннан Өзбекстанға ауыстырылды

Алматы. 18 ақпан. ҚазТАГ - Ауыр атлетикадан Азия чемпионаты (АЧ) коронавирус салдарынан Қазақстаннан Өзбекстанға ауыстырылды, деп хабарлады Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) сайты.
«Коронавирустың өршуінен Қазақстан Республикасының үкіметі жолаушылардың Қытаймен шекаралас елдерге баруына және келуіне шектеу қойған, себебі індет әлі де тарап жатыр. IWF атқарушы кеңесі жағдайды шұғыл түрде талқылап, чемпионатты (ауыр атлетикадан АЧ жарысы – ҚазТАГ) Қазақстаннан Өзбекстанға ауыстыруға келісті», - делінген хабарда.
IWF нақтылағандай, ауыр атлетикадан Азия чемпионаты 16-25 сәуірде Ташкентте өтеді.
Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың желтоқсан айының соңында Қытайда этиологиясы белгісіз пневмония ауруы тіркелді. Соңғы мәліметтерге сәйкес, COVID-19 коронавирусынан туындаған пневмониямен ауыратын науқастардың жалпы саны 73 мыңнан асады, қайтыс болғандар - 1873, 10,6 мыңнан астам адам жазылды.
2020 жылдың 30 қаңтарында Қазақстан Қытайға автобус қатынасын (29 қаңтардан бастап), жолаушылар пойыздарын (1 ақпаннан) және әуе қатынасын (3 ақпаннан) тоқтататындығы белгілі болды. 6 ақпанда «Қазпошта» Қытаймен пошталық байланысты тоқтатты.
13 ақпанда Жапония жағалауында коронавирус салдарынан оқшауланған Diamond Princes круиздік лайнерінде төрт қазақстандықтың жатқаны белгілі болды.
17 ақпанда ҚР СІМ Жапонияда круиздік лайнер бортындағы қазақстандықтар – екі әйел мен екі бала (8 және 12 жастағы)- коронавирус жұқтырмаған.

adimage