Ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық спортшылар тағы екі «алтын» иемденді

Күні: 11:06, 14-03-2019.

Астана. 14 наурыз. ҚазТАГ – Лас-Вегастағы ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан спортшылары Ольга Пастухова мен Рахат Бекболат алтын иемденді, деп хабарлады ҚР ауыр атлетика федерациясынан.
«81 кг дейінгі салмақта 215 кг қоссайыста (92 кг серпе көтеру және 123 кг жұлқи көтеру) Ольга Пастухова алтын медельді қанжығасына байлап, кезекті рет әлем чемпионы титулын алды», - делінген бейсенбідегі хабарда.
Сонымен қатар, Лас-Вегастағы жасөспірімдер чемпионатын қазақстандық ауыр атлет Рахат Бекболат та аяқтады.
«96 кг салмаққа дейінгі 323 кг қоссайыста (144 кг серпе көтеру мен 179 кг. жұлқа көтеру) Рахат тұғырдың жоғары деңгейіне көтерілді», - делінген баспасөз парақшасында.
Федерацияда еске салғандай, 8-15 наурыз аралығында Лас-Вегаста жасөспірімдер мен қыздар арасында Әлем чемпионаты өтіп жатыр. Жарысқа 13-17 жас аралығындағы 50 елден екі жүзден астам атлет қатысуда.
«Қазақстан атынан біріншілікке 5 спортшы қатысуда. Чемпионаттың әр қатысушысы Қазақстанға алтын медальмен оралуда», - делінген хабарда.


Жаңалықтармен бөлісу: