Ауызбірлік пен ынтымақтың белгісі

Астана. 11 қыркүйек. ҚазТАГ – Бүгінгі шара Қазақстан халқының ауызбірлігі мен ынтымақтастығын, дәстүрлер сабақтастығын айрықша көрсетеді, деді Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына арналып Астанада өтіп жатқан шараға қатысқан «Қазалы ауданы «РЗА» АҚ президенті Самұрат Имандосов.
  
«Астанадағы халқымыздың ұлы мерекесіне қатысу мен үшін зор мәртебе, мен қазақстандықтардың мемлекеттігіміздің 550 жылдығын қалай атап өтіп жатқанын өз көзіммен көріп жатырмын»,- деді «Қазалы ауданы «РЗА» АҚ президенті Самұрат Имандосов.

Самұрат Имандосовтың айтуынша, мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өткізіп жатқан салтанатты шара – жарқын және ұмытылмас жағдай. Елбасы біздің мемлекетіміз, өткен тарихымыз, тұтас мемлекет ретінде 1465 жылы Қазақ хандығының қалай құрылғаны туралы дұрыс айтты. Сол кезде мүмкін қазіргідей болмағанмен, барлық тайпалар мен ру қоғамы бірікті.  

Бұл мереке – ата-бабаларымыздың ісіне деген ескерткіш, бұл біздің ортақ ұлы мұрамыз.  

«Қазақ Елі» ескерткішінің алдында 50 киіз үй тігілген. Елорда тұрғындары мен қонақтары қазақ халқының тарихымен танысуда, атап айтсақ, барлық өңірдің этномәдени орталықтары мен мұражайлары экспонанттарын алып келген.  Мұнда батырлардың қарулары, алтын әшекейлер, XIV–XIX ғасырлардың тұрмыстық бұйымдары мен киімдері бар.  
Сондай-ақ, сәндік-қолданбалы өнердің жәрмеңке-көрмесі, зергерлердің шебер-кластары, үздік шығармашылық ұжымдарының концерттері, ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өтіп жатыр.  

Қазақ хандығының 550 жылдығын өткізуге Қазақстан Халқы ассамблеясының өкілдері, қоғамдық бірлестіктер, ҮЕҰ, Қазақстанның барлық өңірінің ғылыми қоғамдарының өкілдері қатысуда.  Бұл Қазақстан халқының ауызбірлігі мен ынтымақтастығын, дәстүрлер сабақтастығын айрықша көрсетеді.

adimage