Астана. 7 қазан. ҚазТАГ – Владимир Радионов. Авиакеросиннің көтерме бағасын реттеу орынсыз, деп санайды Қазақстанның энергетика министрі Қанат Бозымбаев.
«Авиакеросинге көтерме баға тоннасына $578-$621 құрайды. Бұл ретте импорттық авиаотынға баға тоннасына $672-$700 дейін жетеді. Осылайша, авиаотынның бағасы сұраныс пен ұсыныс негізінде нарықпен реттеледі. Қазақстанның ішкі нарығында баға Ресейде өндірілетін керосин бағасымен шамалас. Осы ретте Ресей авиаотынына бағалар деңгейі Қазақстанда өндірілетін керосиннің сауда бағаларын өсіруде тежеуші фактор болып отырғанын атап өтеміз. Мұнай өнімдерінің сыртқы факторларға тәуелділігі мен құбылмалығын ескере келе, авиаотынның көтерме бағасын реттеуді енгізу орынсыз деп санаймыз», - деді Бозымбаев дүйсенбіде үкімет отырысында.
Бұл ретте ол атап өткендей, ішкі нарықтың өз өндірісі есебінен авиаотынмен жүз пайыз қамтылғанына қарамастан, авиакеросиннің көтерме бағасын реттеуді енгізу керосин импортының тиімділігінің жоғалуына алып келуі мүмкін.
Сонымен қатар, министр атап өткендей, қазақстандық МӨЗ-дерді жаңарту жұмыстарының аяқталуына орай, авиациялық отын өндірісінің көлемі 694 мың тоннаға көбейген, немесе 2018 жылмен салыстырғанда 1,8 (383 мың тонна) есе артқан.
Үкімет отырысын қорытындылаған премьер-министр Асқар Мамин авиаотынға бағаны белгілеу мәселесіне баса назар аударуды тапсырды.
Авиакеросиннің көтерме бағасын реттеу орынсыз – Бозымбаев
